Жыл соңына дейін ұлттық ережелер бойынша медициналық бұйымдарды тіркеу мерзімі ұзартылды

10.06.2022

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы келісімге өзгеріс енгізу жөніндегі екінші хаттаманы бекітті. Құжат 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін медициналық бұйымдарды ұлттық ережелер бойынша тіркеу мүмкіндігін көздейді.

Медициналық бұйымдарды ұлттық тіркеудің өтпелі кезеңін ұзарту өндірушілердің ұсыныстарын ескереді, оның ішінде ЕАЭО-ның жекелеген елдеріне қатысты экономикалық сипаттағы шектеу шараларының енгізілуіне байланысты ұлттық деңгейде нарықты қолдаудың арнайы шараларын жедел қабылдауға мүмкіндік береді.

Хаттама халықаралық актілерді уақытша қолдану режимі белгіленген Одақ мемлекеттерінде ресми жарияланған кезден бастап қолданыла бастайды.

Дереккөз: https://eec.eaeunion.org/news/do-kontsa-goda-prodlen-period-registratsii-meditsinskikh-izdeliy-po-natsionalnym-pravilam/