Қазақстандықтар Мемлекет басшысына халықтың денсаулығына қамқорлық көрсетіп отырғаны үшін ризашылықтарын білдірді

25.12.2012

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жасанды жүректі алмастыру операциялары жасалған қазақстандықтардан хат келді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Республикамыздың әр өңірінде тұрып жатқан хат авторлары Қазақстан Президентіне халықтың денсаулығына назар аудардағаны және қамқорлық көрсетіп отырғаны үшін ризашылықтарын білдіреді.

«Сіздің медицинамызды қолдауға қосқан жеке үлесіңіздің арқасында қазақстандықтарға емдеудің озық әдістері қолжетімді болып отыр. Біз шетелге шықпай-ақ тегін емделу мүмкіндігіне ие болдық» делінген хатта.

Хат иелері бүгінде біздің елімізде жүрекке осындай күрделі операциялар жасалып жатқанын мақтанышпен атап өткен. Хатта бұған медицинаны кешенді дамыту жөнінде Қазақстан Президенті жүргізіп келе жатқан мемлекеттік саясаттың нәтижесінде қол жеткізілгені атап көрсетілген.

Aқпарат inform.kz сайттынан алынды