«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Малазия делегациясымен кездесуі

21.09.2015

2015 жылдың 21 қыркүйегінде Алматы қаласындағы «Grand Voyage» қонақ үйінде ҚР ДСӘДМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК мен Малазияның медициналық бизнес өкілдері арасында кездесу болып өтті. Кездесуді Малазия Елшілігінің сауда бөлімі өз делегациясының маркетингілік миссиясы шеңберінде ұйымдастырды.

Кездесуде Ұлттық Орталықтың Бас директоры Мусинов С.Р құттықтау сөзін айтты, қызметтің негізгі бағыттары және даму перспективалары, ДЗ, ММБ және МТ сараптау және тіркеу саласындағы ықтимал ынтымақтастық, бизнес-серіктестікті дамыту мәселелері баяндалды.

Ұлттық Орталық өкілдері Қазақстан Республикасында, сонымен қатар Еуразия экономикалық одағы шеңберінде ДЗ, ММБ және МТ сараптау және тіркеу процедуралары туралы айтты.

Презентациялық бөлімнен кейін брифинг болды, онда Орталық басшылығы мен өкілдері Малазия делегациясының сауалдарына жауап берді.