«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі

10.04.2015

Сіздің назарыңызға 06.04.15 ж. №299-V ҚР Заңымен өзгертулер және толықтырулар енгізілген «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін ұсынамыз

     1. ДЗ, ММБ және МТ айналысына қойылатын талаптарды реттейтін баптарға өзгертулер енгізілген

Жаңа баптар қосылған 66-1 бап. Қазақстан Республиксының Мемлекеттік фармакопеясы

80-2 бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын, сонымен қатар биологиялық тұрғыдан белсенді заттарды, фармакологиялық заттарды және клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеудің биологиялық материалдарын, дәрілік субстанциялардың стандартты үлгілерін және олардың жеке және өзге де коммерциялық емес мақсаттарда пайдалануға арналған қоспаларын;

84-1 бап. Фальсификацияланған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медицина техникасы;

85 бап. Дәрілік заттарды фармакологиялық қадағалау және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медицина техникасының жағымсыз әсерлерін мониторингілеу

86 бап. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медицина техникасы туралы ақпарат;

Өзгертулер енгізілді

18 бапқа. Денсаулық сақтау саласындағы жарнама

67 бапқа. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медицина техникасы өндірісі

69 бапқа. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын көтерме және бөлшектеп өткізу

71 бапқа. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерегіне өзгертулер енгізу