Бағаны тіркеу және қайта тіркеу туралы хабарландыру

26.12.2019

Құрметті өтініш берушілер!

     «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Сараптама ұйымы) келесіні хабарлайды.

     Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсетуге және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) арналған дәрілік заттардың (бұдан әрі – ДЗ)  сауда атауына тіркелген бағаны тіркеуді және қайта тіркеуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 19 сәуірдегі №ҚР ДСМ-42 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттарға бағаларды реттеу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалған тәртіппен Мемлекеттік сараптама ұйымы жүргізеді.

     Қағидалардың 61-тармағына сәйкес, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде тіркелген бағаға өзгерістерді жарты жылда бір рет (одан артық емес) енгізуге рұқсат етіледі.  Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде бұрын тіркелген бағаны қайта тіркеуді жүргізу қажет. Егер ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде тіркелген бағаны белгіленген мерзімде қайта тіркеу жүргізілмеген жағдайда, мемлекеттік сараптама ұйымы уәкілетті органды хабардар етеді.

     Уақыт аралығының шектеулі екенін ескере отырып, Сізден «референттік баға белгілеу» порталында ТМККК және МӘМС шеңберінде ДЗ тіркелген бағасын тіркеу және қайта тіркеу үшін, бір уақытта өтініштердің көптеп түсуіне орай, жиналып қалмауын  болдырмау және оларды Сараптама ұйымының сарапшылары біркелкі қарауы үшін өтініштерді алдын-ала енгізуді сұраймыз.