Дәрілік препараттардың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізуге өтініш беру туралы

19.08.2022

Құрметті өтініш берушілер, ҚР ДЗ Мемлекеттік тізіліміндегі қателерге және ҚР ДЗ Мемлекеттік тізіліміндегі мәліметтерді синхрондау бойынша ақпарат қақтығысына жол бермеу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) «Е-лицензия» жүйесі арқылы сараптамалық қорытындылар жолдаудың реттілігін қатаң сақтауға назар аудару керектігін хабарлаймыз.

 

Комитеттің тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізуді бекіту туралы бұйрығының жарыққа шығуынан кейін Мемлекеттік тізілімге түзетулер енгізу бөлігінде өтініш берушілердің өтініштерінің нәтижелері бойынша өтініш берушілер соңғы өзгерістерді бекітуге ұсынып жатқаны анықталды. Бұл ретте, ҚР ДСМ МФБК «ДЗ және МБСҰО» ШЖҚ РМК тарапынан ұсынылған алдыңғы өзгертулер берілмеген, бұл Мемлекеттік тізілімдегі қателіктерге және алдағы уақытта өзгерістер енгізуге өтінімдерді қабылдаудың мүмкін еместігіне әкеледі.