Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалауға өтінім беру туралы

27.01.2022

ЭЭлектрондық құжат алмасуға, оның ішінде орындалған жұмыстар актілерінің алмасуы, толық көшуге байланысты, сонымен қатар, құжаттарды тапсыру кезіндегі қателердің жиілеу жағдайына байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының 6,7 тармақтарымен сәйкестендіру мақсатында сапаны бағалау үшін өтініш тіркеу куәлігінің қолданылу кезінде Қазақстан Республикасына өндірілген және әкелінген өнімнің әрбір сериясына (партиясына) берілетінін хабарлаймыз.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсуаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 08 желтоқсандағы № № ҚР ДСМ-127 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» енгізілген өзгерістерге сәйкес медициналық бұйымның сериялық нөмерлерін көрсете отырып бір сериясына өтініш берілген жағдайда бір өнімнің сәйкестік сертификаты беріледі.