Дәрілік заттарға Ұлттық рәсім бойынша берілген тіркеу куәліктерін қайтару туралы

11.08.2022

Құрметті өндірушілер, тіркеу куәлігін ұстаушылар, өтінім берушілер,

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 ж. 3 қарашадағы  №78 шешімімен бекітілген «Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларының» 180 тармағына сәйкес, «Дәрілік препараттың тіркеу дерекнамасын Одақ талаптарына сәйкестіккке келтіруден кейін мүше-мемлекеттерде және мүше-мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген тіркеу куәлігі бар үшінші елдерде тіркеу дерекнамасын Одақ талаптарына сәйкестікке келтіру күнінен бастап күнтізбелік 180 күн ішінде дәрілік препарат өндірісіне рұқсат етіледі (сәйкестікке келтіру күні бірыңғай тізілімге тиісті мәліметтер енгізілген күн болып саналады)», осыған байланысты қосымшада көрсетілген дәрілік препараттардың ұлттық рәсім бойынша берілген тіркеу куәліктері кері қайтарылуы тиіс екендігі туралы хабарлаймыз.

Осыған сәйкес, тиісті ақпарат уәкілетті органға басқармалық шешім қабылдау үшін жолданады.

Тіркеу куәлігін ұстаушылар келісімдерін 15.09.2022 ж. дейін ресми хат жолдау арқылы мақұлдауы қажет екенін ескертеміз.

 

ЕАЭО бойынша тіркеу куәлігін алған дәрілік препараттар тізбесі