Дәрілік заттарға сараптама жүргізуге өтінімдер берудегі өзгерістер («Еxpertise» порталы)

27.04.2022

Құрметті өтінім берушілер! Дәрілік заттарға сараптама жүргізуге өтінім беру тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлаймыз:

 

  1.  Егер өтінім берушінің ҚР ҰКО берген Электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) болса, өтінім берушіге өтінімге қол қойған кезден бастап «Нысан бойынша мемлекеттік тіркеуге өтінім» 1.2-тармағына құжата салу қажет емес, өйткені ЭЦҚ жүйе (портал) басып шығарылған нысандағы өтінімді өзі құрып, тіркеу дерекнамасының құжаттарына салады;
  2. Өтінім берушіде ЭЦҚ болмаған жағдайда, порталда барлық деректерді толтырғаннан кейін өтінімнің басып шығарылған нұсқасын жүктеп, оны тексеріп, басып шығаруға жіберу қажет. Әрі қарай осы өтінішке қол қойғаннан кейін оның сканерленген нұсқасын (*pdf нысанында) «Мемлекеттік тіркеуге арналған нысан бойынша өтініш» 1.2 -тармағына қоса салу керек;
  3. Сараптамаға өтінімнің  «Дәрілік заттың жарамдылық мерзімі» 16 -тармағындағы «Түсініктеме» өрісіне тек қана әр түрлі сақтау мерзімімен бірнеше дозалар мен еріткіштер үшін берілген. Басқа жағдайларда бұл өріс міндетті емес.

 

Ескертпе: word форматындағы сараптама жүргізуге өтінім жоғарыда көрсетілген жағдайлардың ешқайсысында қажет емес.