ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттарды сараптау жөніндегі шарт жасасу туралы

28.05.2024

Құрметті өтініш берушілер, «ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттардың сараптамасы» порталының іске қосылуына байланысты келесіні хабарлаймыз:
•    2024 жылы портал іске қосылғанға дейін жасалған шарттар (қағаз түрінде) шарт аяқталғанға дейін қолданыста болады. Бұл ретте, ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттарды сараптауға өтініштер 31.12.2024 жылға дейін қабылданады, ал міндеттемелер шарт талаптарына сәйкес орындалады.
•    Қағаз жүзінде келген, 28.05.2024 жылғы жағдайға сәйкес келісілген және ДЗ мен МБ СҰО-да қол қоюға келіп түскен шарттар 01.06.2024 жылға дейін тіркелетін болады.