«Сараптама» порталында КТН мен ОТС қызметтеріне өтініштерді тіркеу бойынша модульдің іске қосылуы туралы

04.01.2024
          "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптаудың Ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК 2024 жылғы қаңтардан бастап медициналық техниктердің клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалау жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды беру үшін өтініштерді тіркеу "сараптама" порталындағы "өтініш"модулі арқылы жүргізілетінін хабарлайды.
          Бұл ретте, жобаланатын және салынып жатқан мемлекеттік денсаулық сақтау объектілері немесе денсаулық сақтаудағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары және оңтайлы техникалық сипаттамалар бойынша медициналық техниканы сатып алудың клиникалық-техникалық негіздемесін сараптамалық бағалауға өтініштер "сараптама"порталында модуль іске қосылғанға дейін қағаз нұсқада беріледі.