Қосымша шоттар бойынша ақпарат

09.02.2024

Құрметті өтініш берушілер, қосымша шоттардың дәрілік заттарды бастапқы сараптау cатысында қосымша шоттың ұcынылатынын хабарлаймыз.

       Төлемді растайтын мәліметтерді ұсыну мерзімі электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған шығыс сұрауға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн құрайды.

       Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы №ҚР ДСМ-10 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 23-тармағында белгіленген мерзімдерде төлем ұсынылмаса, мемлекеттік сараптау ұйымы өтініш берушіге Кодекстің 239-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес дәрілік зат сараптамасының тоқтатылуы туралы хабарламаны (ерікті нысанда) жолдайды.

       Сонымен қатар, дәрілік заттарды мамандандырылған сараптау сатысында сұрау ұсынылған жағдайда төлемді растайтын мәліметтерді ұсыну мерзімі бірінші сұрау салу күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн құрайды.

       Осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес белгіленген мерзімдерде төлемді растайтын мәліметтер ұсынылмаса, мемлекеттік сараптау ұйымы дәрілік препаратты бағалау жөніндегі сарапшылардың теріс жиынтық есептемесін жасайтын болады.