Оқыту семинарларын өткізу туралы

22.11.2021

Құрметті өтініш берушілер!

ДЗСҰО Ғылыми-білім беру орталығы сіздерді фарм.ғ.д, профессор, ҚР ҰҒА құрметті мүшесі, ЕАЭО Фармакопея комитетінің төрайымы, ҚР МФ және ЕАЭО фармакопеясын жетілдіру басқармасының басшысы Тулегенова Ардақ Орынбасарқызының  келесі оқыту семинарларына қатысуға шақырады:

Семинар тақырыбының атауы

Өткізу күні

Сағат саны

1

ЕАЭО фармакопеясы: сынақтар, әдістер мен талаптар

20 желтоқсан

3 сағат

2

Дәрілік заттардағы қоспалар: анықтау және талаптар

21 желтоқсан

3 сағат

3

ЕАЭО фармакопеясындағы ДЗ сапасын бақылаудың биологиялық әдістері

22 желтоқсан

3 сағат

 

Семинарға қатысу үшін фармацевтикалық бизнес өкілдері шақырылады: дәрілік заттарды өндірушілер, дәрілік заттардың сапасын бақылау әдістерін зерделеуге мүдделі өтініш берушілер.

Семинар аяқталғаннан кейін бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

Өтетін орны: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 63, 3 қабат, үлкен конференц-зал

1 семинарға қатысу құны: 19 999, 84 теңге (ҚҚС есебімен).

Оқыту барлық эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып жүргізіледі.

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін:

+7 (727) 273-11-45, +7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz

+7 (727) 273-15-78, +7 (701) 401-04-94, d.esbolatova@dari.kz

Алматы қ., 050004, Абылай хан даңғ., 63, 305 каб.

Мәлімет үшін:

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы дәрігерлердің үздіксіз кәсіби даму сапасын жақсарту бойынша Дүниежүзілік медициналық білім беру Федерациясының халықаралық стандарттары негізінде әзірленген және жоғары білімнің Еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыз етудің стандарттары мен басшылық қағидаттарымен Үйлестірілген қосымша және бейресми білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу стандарттарына сәйкес келеді, сондай-ақ 5 жыл мерзімге (11.11.2021 ж. – 10.11.2026 ж.) қосымша және бейресми білім беру (үздіксіз кәсіби даму) бағдарламасын іске асыратын ұйым ретінде институционалдық аккредиттеу мәртебесіне ие.