Өтініш берушілермен жасалған шарттар шеңберінде міндеттемелерді орындау кезінде еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайларының туындауы мәселесі бойынша.

13.01.2022

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 732 «Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығымен (бұдан әрі – Президент Жарлығы) 2022 жылғы 5 қаңтар сағат 16.00-ден  2022 жылғы 19 қаңтар сағат 00:00-ге дейінгі мерзімге Нұр-Сұлтан қаласының шекарасында төтенше жағдай енгізілді. Төтенше жағдай ҚР ДСМ МФБК «ДЗ мен МБ СҰО» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - Кәсіпорын) филиалдары мен бөлімшелері (бұдан әрі - Кәсіпорын) орналасқан басқа қалалар мен облыс орталықтарында да енгізілді.

Осыған байланысты, сондай-ақ 2022 жылғы 5-11 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Тараз қалаларында интернет ресурстарына қолжетімділіктің шектелуін ескере отырып, осы хабарлама арқылы форс-мажорды қолдану туралы шарттың талаптарына сәйкес Президенттің Жарлығына сәйкес төтенше жағдай кезеңінде жасалған шарттар шеңберінде қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы Тапсырыс берушілерді хабардар етеміз.

Қазіргі уақытта кәсіпорын өз жұмысын қайта бастады және толыққанды қызмет көрсету үшін қажетті тұрақты интернет байланыс жұмыс істеген жағдайда  Қазақстанның фармацевтикалық нарығын қауіпсіз және сапалы дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырады.

Осы жағдайға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.

Бұл ретте Қазақстанда төтенше жағдай енгізілген кезеңде қолданылу мерзімі өткен шарттар бойынша өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін (қоса алғанда) ұзартылатынын атап өтеміз.