Құрметті тіркеу куәлігі иелері/өтініш берушілер!

31.05.2024

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұлттық рәсім бойынша тіркелген дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің әрекеті тоқтатылатынын ескртеміз.

Осыған байланысты, сараптама ұйымына дәрілік заттардың тізбесін және оларды референттік ел – Қазақстанда ЕАЭО талаптарына сәйкестендіру мақсатында өтінімдердің жоспарлы беру кестесін беруіңізді сұраймыз.

Өтінім беру жоспары Excel форматындағы кесте түрінде ұсынылуы керек (үлгі төменде берілген). «Тану елі» бағанында тану ретінде басқа елдерге өтінім беру жоспарланып отыр ма немесе дәрілік зат тек Қазақстан Республикасының нарығында айналысқа жоспарланған ба, соны көрсету қажет.

Егер дәрілік препаратты ЕАЭО талаптарымен сәйкестікке келтіруге өтінім беру жоспарланбаса, бұл ақпаратты кестеде «Жоспарланған өтінім беру күні» бағанында көрсетуді сұраймыз.

Саудалық атауы

ҚР-дағы тіркеу нөмірі

Дәрілік формасы

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

(аты, елі)

Өндіруші         

(аты, елі)

Тану елі

Жоспарланған өтінім беру күні