Нұсқаулықты және қаптаманың макетін мемлекеттік тілге аудару


Ұлттық орталық Қазақстан Республикасында тіркеуге ұсынылған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығын және қаптамасының макетін орыс тілінен мемлекеттік тілге аударады, сондай-ақ дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың, т.б. нұсқаулықтарын аудару Ережелерінің талаптарына сәйкес дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың барлық нұсқаулықтарының, қаптама мәтіндері мен жарнамалық материалдардың  аудармаларының дәлдігі мен талапқа сайлығына сараптама жүргізеді.

Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтарының бір бетін аударуға бағалар прейскуранты