Алматыда «Дәрілік заттар сапасы: қамтамасыз ету және бақылау» конференциясы өтеді

11.09.2023

2023 жылғы 20-21 қыркүйекте Алматы қаласында Америка Құрама Штаттарының Фармакопеялық конвенциясы Қазақстан Республикасының Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығымен бірлесіп ұйымдастырған «Дәрілік заттар сапасы: қамтамасыз ету және бақылау» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Іс-шара спикерлері АҚШ Фармакопеялық конвенциясының, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің әртүрлі бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан, Әзербайжан, Түркия және басқа елдердің реттеуші органдарының бірінші тұлғалары мен өкілдері, сондай-ақ фармацевтикалық сала өндірушілері мен қауымдастықтары болады.

Конференцияның бірінші күні конференцияғақатысушы елдердің реттеуші органдары үшін, ал екінші күні фармацевтикалық нарық субъектілері үшін сессиялар жоспарланған.

Мәселен, 20 қыркүйекте ұлттық реттеуші органдар қызметінің негізгі бағыттары, даму келешектері мен өзара іс-қимылы, сондай-ақ дәрілік заттар сапасын бағалаудың заманауи тәсілдері талқыланатын болады.

Келесі күні дәрілік заттар сапасының фармакопеялық стандарттарын, фармацевтикалық өндірістің өзекті мәселелерін және дәрілік заттардың сапасын қарастыруға арналады.

Конференция аралас форматта өтеді: офлайн (әр ұйымнан 2-3 дейін қатысушылар саны шектеулі) және онлайн (шектеусіз) режимдерде). Қосылу сілтемесі қосымша хабарланады.

Конференцияға қатысу https://go.usp.org/customer-event-almaty23 сілтемесі бойынша алдын ала тіркелу арқылы тегін.

Қатысушыларды тіркеуді және олардың санын есептеуді АҚШ Фармакопеялық конвенциясының ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Тіркеуге арналған нысан ілеспе хатта жеке электрондық пошта мен қатысу нысанының көрсетілуіменағылшын тілінде толтырылады.

Конференция бағдарламасы.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады: 

тел.:+7 7071375225, +7 777357 97 07                                                                                                    
e-mail: d.duisenbekova@dari.kzr.kalelova@dari.kz