Дәрілік заттың саудалық атауына бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін шекті бағалары бекітілді

14.08.2023
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 465 бұйрығымен «Дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 тамыздағы № ҚР ДСМ-94 бұйрығына өзгеріс енгізілді. 
Шекті бағалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығымен бекітілген дәрілік заттардың шекті бағаларын және үстеме бағасын реттеу, қалыптастыру қағидаларына сәйкес жаңадан тіркелген дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада сату үшін тіркелген бағалар негізінде, 10 сәуірден кейін тіркелген бағаны тіркеу немесе қайта тіркеу туралы өтініштерге сәйкес, сондай-ақ «Көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесін бекіту туралы» ҚРДенсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-150 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 73 бұйрығын ескере отырып қалаптастырылған.
Бұйрық 2023 жылғы 11 тамызда өткен алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: http://zan.gov.kz/client/#!/md/184840/kaz