Оқыту семинарын өткізу туралы
27.08.2023ҚР ДСМ МФ БК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығы 2023 жылғы 8 қыркүйекте өтетін ДЗМБСҰО Бас директорының орынбасары Ержан Жунісовтың «Дәрілік заттардың шекті бағаларын қалыптастыру және есептеу. НҚА-дағы өзгерістер» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысуға шақырады.
Семинарда келесі сұрақтар талқыланады:
1. Дәрілік заттардың бағасын реттеудің негізгі мәселелері;
2. Дәрілік заттарға баға белгілеудің қолданыстағы жүйесі;
3. Дәрілік заттарға шекті бағаларды қалыптастыру;
4. ДЗ бағасын реттеу қағидаларының жаңа редакциясын қарау (ҚР ДСМ 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №247-бұйрығы 2023 жылғы 3 шілдедегі жаңа редакцияда).
Мәлімет үшін !
Семинар аяқталғаннан кейін Бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.
Өтетін орны: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 63, 3 қабат, үлкен конференц-зал
1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 24 000, 48 теңге (ҚҚС есебімен)
Оқуға тіркелу үшін төмендегі шарттарды орындау қажет:
- Оқуға өтінішті толтыру және жіберу (өтініш нысаны хатқа қоса берілген)
Өтініш әрбір тыңдаушыға *pdf (қолы қойылған) және *word форматында жеке ресімделеді, ары қарай тіркеу үшін d.altybay@dari.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.
- ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК - мен (бұдан әрі - ДЗСҰО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.
Шарт жасау үшін шарт жобасын заң кеңесшісінің (жоба хатқа қоса берілген) a.buzurkhodzhaeva@dari.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102 каб. мекен-жайына қолма-қол жеткізу қажет. ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.
Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.
"Төлемге өтінім" шартына қосымшасын толтыру міндетті екендігіне Сіздің назарыңызды аударамыз. d.altybay@dari.kz поштасына *pdf (қолы бар) және *word форматында жіберу қажет.
Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі
- Көрсетілетін қызмет үшін шотты төлеп, оқыту семинары басталғанға дейін төлемді растайтын құжатты жолдау.
Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:
Алтыбай Дамира
Алматы қ. АФ Ғылыми-білім беру орталығының маманы