Оқыту семинарын өткізу туралы
17.09.2023ҚР ДСМ МФ БК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығы 2023 жылғы 28-29 қыркүйекте өтетін дәрілік заттарды сараптау Департаментінің басшысы, биология ғылымдарының докторы Шынар Байдуллаеваның оқыту семинарларына қатысуға шақырады.
28 қыркүйек – «Тіркеу деректері: 3.2.S. модулі бойынша деректерді ұсыну. Субстанция. Тіркеу деректері материалдарындағы жиі кездесетін қателіктер мен кемшіліктер»
Семинарда келесі сұрақтар талқыланады:
1. Белсенді фармацевтикалық субстанцияның құжаттамасын ұсыну құрылымы және драг-мастер файлының жабық бөлігінің сұранысы бойынша тәсілдер;
2. Белсенді фармацевтикалық субстанцияның мастер файлын және Еуропалық фармакопеяның жарамдылық сертификатын (СЕР) пайдалану;
3. Белсенді фармацевтикалық субстанцияның сапасын бақылау;
4. Тіркеу құжаты 3.2.S Модуль өзгерістері: өтініш берушілердің қателіктерін талдау.
29 қыркүйек – «Тіркеу деректері: дәрілік заттарды фармацевтикалық әзірлеудің заманауи тәсілдері және 3.2-бөлімде деректерді ұсыну. 3.2.Р.2. Модуль 3»
Семинарда келесі сұрақтар талқыланады:
- Дәрілік препаратты құру процесі бойынша сұрақтар, әзірлеу кезінде шешілетін мәселелер;
- Әр түрлі дәрілік формалардың фармацевтикалық дамуы кезіндегі ерекшеліктер;
- Фармацевтикалық дамудың өмірлік циклі және даму бірлігі туралы заңнамалық талаптар.
Мәлімет үшін !
Семинар аяқталғаннан кейін Бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.
Өтетін орны: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 63, 3 қабат, үлкен конференц-зал
1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 24 000, 48 теңге (ҚҚС есебімен)
Оқуға тіркелу үшін төмендегі шарттарды орындау қажет:
- Оқуға өтінішті толтыру және жіберу (өтініш нысаны хатқа қоса берілген)
Өтініш әрбір тыңдаушыға *pdf (қолы қойылған) және *word форматында жеке ресімделеді, ары қарай тіркеу үшін d.altybay@dari.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.
- ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК - мен (бұдан әрі - ДЗСҰО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.
Шарт жасау үшін шарт жобасын заң кеңесшісінің (жоба хатқа қоса берілген) dogovor@dari.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102 каб. мекен-жайына қолма-қол жеткізу қажет. ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.
Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.
"Төлемге өтінім" шартына қосымшасын толтыру міндетті екендігіне Сіздің назарыңызды аударамыз. d.altybay@dari.kz поштасына *pdf (қолы бар) және *word форматында жіберу қажет.
Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі
- Көрсетілетін қызмет үшін шотты төлеп, оқыту семинары басталғанға дейін төлемді растайтын құжатты жолдау.
Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:
Алтыбай Дамира
Алматы қ. АФ Ғылыми-білім беру орталығының маманы