ДЗСҰО Ғылыми-білім беру орталығында дәрілік заттарға фармакологиялық қадағалауды жүргізудің негізгі ережелері түсіндірілді

09.10.2020

ДЗСҰО Ғылыми-білім беру орталығында «Дәрілік заттарға фармакологиялық қадағалауды жүргізудің негізгі ережелері» тақырыбында кезекті оқыту семинары өтті.

Семинарды Ғылыми-білім беру орталығының жетекшісі, м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Раиса Күзденбаева өткізді.

 Семинарға дәрілік заттарды өндірушілер, өтініш берушілер, фармакологиялық қадағалау процесін зерттеуге мүдделі тұлғалар қатысты.

Раиса Күзденбаева оқыту семинары барысында фармакологиялық қадағалау және дәрілік заттардың жанама әсерінің мониторингі жүйесінің жалпы түсініктері туралы айтып берді.

Бұдан басқа, спикер дәрілік заттарға қандай талаптар қойылатынын және жағымсыз реакциялар мен жағымсыз құбылыстар қандай типтерге жіктелетінін түсіндірді.

Фармакологиялық қадағалау - тіркелген дәрілік заттардың қауіпсіздігі туралы ақпаратты бақылау, талдау және бағалау жүйесі.

«Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар ерекше өнім екенін және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау олардың өмірлік циклі бойында жүзеге асырылатынын білу маңызды. Сараптамалық жұмыстар дәрі-дәрмек нарыққа шығар алдында да, нарықта қолданыста болған кезде де, яғни тіркеуден кейінгі кезеңде де жүргізіледі. Яғни дәрілік заттар үнемі бақылауда болады», - деп Раиса Күзденбаева атап өтті.

Семинарға қатысушылар Ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған оқыту тренингі әрбір қатысушыға жоғары білікті сарапшыдан қызықтырған сұрақтарға толық жауап алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Осындай алаңның арқасында фармацевтикалық өндіріс өкілдері дәрілік препараттардың жағымсыз реакциялар үшін фармакологиялық қадағалау бойынша қосымша білім ала алды.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.