Құрметті өтініш берушілер!

12.08.2020

 

Құрметті өтініш берушілер!

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 19 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген дәрілік заттардың бағаларын реттеу ережелеріне сәйкес биыл 10 қыркүйекке дейін көтерме және бөлшек сауда  үшін бағаларды тіркеу немесе қайта тіркеу туралы өтініш беру қажет.

Егер өтініш берілмесе, шекті баға жобасы бұрын бекітілген шекті баға негізінде қалады. Сондай-ақ, 2020 жылдың 10 қыркүйегіне дейін ҚР аумағына тасымалдау туралы көрсетілмеген,   бағаны растайтын құжаттар ұсынылмай, болжамды  шығыстар негізінде тіркелген көтерме және бөлшек саудада  үшін дәрі-дәрмектің бағасын қайта тіркеу туралы өтініш беру қажет.

Өтініш түспеген жағдайда  аталған позициялар көтерме және бөлшек саудаға арналған шекті бағалар жобасынан алынып тасталады. Бұдан басқа, көрсетілген мерзімге дейін 2019 жылы бекітілген орта бөлшек сауда бағаларынан аспайтын, көтерме және бөлшек сауда үшін дәрі-дәрмектің бағасын қайта тіркеу туралы өтініш беру қажет.

Толығырақ ақпаратты сілтеме бойынша алуға болады:  https://www.ndda.kz/rightnews/uvazhaemye-zayaviteli_1596109614