Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ -ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Жолдауын жариялады.

02.09.2020

Мемлекет басшысының Жолдауында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және медицина қызметкерлерін қолдауға ерекше көңіл бөлінген.

Президент медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу үшін 150 млрд теңге бөлуді тапсырды.

2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысын экономикадағы орташа еңбекақыдан 2 есе арттыру қажет.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін негізгі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндіріледі.

2025 жылға қарай заманауи 20 көпбейінді денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі.

Қазақстанда жыл соңына дейін 13 жұқпалы аурулар ауруханасы салынады.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда 2 көпсалалы медициналық орталық салынады.

Емханаларда алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарау, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру көзделген.

Шалғай өңірлерде көлік медицинасын жаңғырту бойынша шаралар қабылдау қажет.

Барлық ауылдық елді мекен ФАП пен отбасылық амбулаториямен қамтамасыз етілуі тиіс.

Әрбір алтыншы қазақстандық отбасы бала сүйе алмай жүр.  Үкіметке "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын іске қосу, ЭКО квотасын 7 есеге ұлғайту тапсырылды.

Денсаулық сақтау саласындағы эпидемиолог, инфекционист, кардиолог, пульмонолог сияқты маман тапшылығын жүйелі түрде шешу, медициналық мекемелерді кадрмен қамтамасыз ету болжамын дайындау.

Сондай-ақ, Президент еліміздегі барлық медициналық ұйымды медициналық жабдықтармен жарақтандыруды тапсырды.

Ал қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін жеткізу қажет.

 

Жолдаудың бейненұсқасы сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.youtube.com/watch?v=d6p2vQaYumQ&feature=youtu.be&fbclid=IwAR3GANgzoR1cesScPRP4AipHqGKFcJzbUCfxSGQ0KPfUqFaQ9crbv5L_04U