Ақпараттық жүйелер мен сервистерді оңтайландыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы

10.11.2023

10 қарашада IT-саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар күні. Бүгін Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығында меркеге орай салтанатты жиналыс өтті.

ДЗСҰО бас директоры Еркен Даутбаев орталықтың IT-мамандарын құттықтап, жұмысқа қосқан үлесі үшін алғыс айтты. «Сіздердің күш - жігеріңіздің арқасында біз біршама процестерді жүзеге асырдық, қызметіміздің ашықтығын қамтамасыз етіп, тиімділігін арттырдық", - деп атап өтті бас директор.

 

 

Сондай-ақ, Цифрландыру және ақпараттық технологиялар күніне орай цифрландыру департаментінің басшысы Тимур Жұмахаевпен сөйлестік. Ол ақпараттық жүйелер мен сервистерді оңтайландыру бойынша ДЗСҰО жауапты құрылымдық бөлімшесі қандай жұмыс атқаратынын айтып берді.

Біздің команда сарапшылардың өтініш берушілермен жұмысын қарапайым, ыңғайлы және тиімді ете отырып, Кәсіпорынның ақпараттық жүйелерін сүйемелдейді. Департаментіміз қажетті мамандармен, соның ішінде әзірлеушілермен, аналитиктермен, техниктермен жасақталғандықтан. Біз техникалық қолдауды, бағдарламаларды, ақпараттық жүйелер мен сервистерді пысықтауды қамтамасыз етеміз. Ұлттық орталық жұмысының ыңғайлылығы үшін ақпараттық жүйелерде бірқатар жаңалықтар жүргізілуде.

 

Фармакологиялық қадағалау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін мониторингтеу

 

Ағымдағы жылдың шілде айында «сары карталарды» жіберушілерді тіркеу процесі автоматтандырылды. Егер бұрынырақ портал пайдаланушылары логин мен парольді алу үшін Орталықтың электрондық поштасына жағымсыз реакциялардың мониторингіне жауапты медицина қызметкері туралы деректерді жіберу арқылы алса, қазір «Жеке кабинетте» тіркелу үшін қажетті деректерді толтырып, тіркелу батырмасына басу жеткілікті.

Сонымен қатар, ДДСҰ белгілеген нормалар шеңберінде вакциналар бойынша карта-хабарламаларды жіберу мүмкіндігі қосылды және пысықталды. Бұл мәліметтер де онлайн режимінде беріледі және ақпарат Кәсіпорынның мәліметтер базасында сақталады.

Келесі қадам – карта-хабарламаларды жіберу процесін автоматтандыру және медициналық ұйым деңгейінде қайталанатын енгізуді болдырмау үшін біздің дерекқорды медициналық ақпараттандыру жүйесімен біріктіру. Осы орайда, қазір ДДСҰ қолдауымен дайындық жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

«Қауіпсіздік пен сапаны бағалау» порталы

 

«Қауіпсіздік пен сапаны бағалау» порталының пайдаланушылары сапаны бағалау жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін бірден орындалған жұмыстардың автоматты түрде қалыптастырылған актісін алады. Бұл құжатты басып шығаруды, оған қол қоюды және актті пошта арқылы жіберуді, сондай-ақ өтініш берушілерден оны қайтаруды қажет етпейді. Осылайша еңбек ресурстарының шығындарын азайтады. Бұл жаңашылдық өтініш берушілерден қолдау тапты, өйткені көрсетілген қызметтер үшін актіні уақтылы алу бухгалтерлік есеп пен салық заңнамасының сапасына әсер етеді.

Сонымен қатар, «ДЗ сериялық бағалау», «МБ сериялық бағалау» және «Вакциналарды сериялық бағалау» қызметтерінің жаңа түрлері бойынша электрондық өтінімдер беру мүмкіндігі енгізілді. Бұл қызмет толығымен автоматтандырылған. Сондай-ақ, порталмен жұмысты автоматтандыру және жеңілдету бойынша көптеген міндеттер пысықталды. Атқарылған жұмыс актілерін автоматтандыру үшін 1С – бухгалтериямен интеграция жүзеге асырылды.

 

 

«Сараптама» порталы

 

Ақпараттық жүйелерді ағымдағы оңтайландыру «Сараптама» порталына әсер етті, онда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға инспекция жүргізу үшін жаңа өызмет қосылды, клиникалық-техникалық негіздеме мен жалпы техникалық сипаттамаға өтінім беру, сараптама журналы. Дәрілік заттармен байланысты қызметтердің бағыты бойынша жаңа қызмет оңтайландырылды және қосылды: шарт жасау, төлемге өтінім беру, өтініш беру және дәрілік заттар бойынша сараптамалық жұмыстарды аяқтау кезеңіне дейін портал шеңберінде бақылауға болады.

Сондай-ақ, портал дәрілік заттар шеңберінде жұмыс істеу үшін оңтайландырылды. Тиісті модуль ағымдағы жылы әзірленді және енгізілді. Оны құру кезінде жаңа технологиялар қолданылды, бұл жақсы тұрақтылықты, жоғары жұмыс жылдамдығын, ақауларға төзімділікті және одан әрі міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

 

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға референттік баға белгілеу

 

«Дәрілік заттарға референттік баға белгілеу» порталында сараптамадағы өтініштерді «пысықтау» үшін кері қайтарған жағдайда түсініктеме қосу мүмкіндігі қызметі қосылды. Бұл ретте, өтініш теркелгенге дейінгі кезеңде кері байланысты жеделдетуге мүмкіндік берді.  Сондай-ақ, «Нарықтан іріктеу» бойынша шарттар» модулі пысықталды - өндірушіні таңдауға және сенімхаттың қолданылу мерзімін көрсетуге мүмкіндік туды.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап медициналық бұйымдардың (медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар) сауда атауына және техникалық сипаттамасына шекті бағаларға талдау жүргізу бойынша қызмет көрсетуге электрондық өтінімдерді беру, қабылдау «Референттік баға белгілеу» порталы арқылы жүзеге асырылады. Сараптамалық жұмыстардың кезеңдерін қадағалау порталдағы жеке кабинетте жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бойынша функционалдарды біріктіруге қатысты біршама жұмыс жүргізілді. Аталған оңтайландыру сүйемелдеу мен қолдау шығындарын азайтуға, ал сарапшыларға бір орында жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

 

DARKZ мобильді қосымшасы

 

Пайдаланушыларға мобильді қосымшаны барынша ыңғайлы қылып әзірлеу үшін қосымша қызметі қайта қарастырылды, жаңа технологиялар қолданылды. Қолданыстағы мүмкіндіктер оңтайландырылды. Мобильді қосымшаның функционалдығы да кеңейтіліп, халыққа сары карталарды ұсыну мүмкіндігі қосылды. Бұл жаңалық онлайн режимде дәрі-дәрмектерге жағымсыз реакциялар туралы ақпарат алуға және оларға жедел жауап беруге мүмкіндік береді.