Астанада Global PHARM III Халықаралық фармацевтикалық форумы өтті

27.10.2023

Бүгін Астанада «Денсаулық сақтау» Astana Zdorovie» – 2023 Қазақстандық халықаралық көрмесі аясында «GLOBAL PHARM» III Халықаралық фармацевтикалық форумы өтті.

Іс-шараға салалық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері, фармацевтика мәселелері бойынша отандық және халықаралық тәжірибе сарапшылары, медициналық өнімдердің ірі өндірушілерінің топ-менеджерлері, дәрігерлер мен ғалымдар қатысты.

Іс-шара Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудниктің, ҚР Президентінің кеңесшісі Алексей Цойдың және ірі фармацевтикалық компаниялардың басшыларының қатысуымен дөңгелек үстелден басталды. Мемлекеттік органдар мен ірі бизнес арасындағы талқылаудың негізгі тақырыбы Қазақстанның фармацевтика саласын дамытудың өзекті мәселелері, халыққа сапалы медициналық көмек пен дәрілік препараттарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болды. Алғы сөзінде Вячеслав Дудник Мемлекет басшысы жаһандық фармакорпорациялармен ынтымақтастықты жандандыруды және технологиялар мен жаңа әзірлемелердің трансфертін қамтамасыз етуді, сондай-ақ отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының үлесін 2025 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізуді тапсырғанын атап өтті.

«Клиникалық зерттеулер саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбындағы сессияға Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының дәрілік заттарды сараптау департаментінің басшысы, б.ғ.д. Шынар Байдуллаева қатысты.

Спикер реттеу мәселеріне қатысты өтініш берушілер үшін барлық нормативтік талаптар құжаттарды тапсыру кезінде жүктемені азайту үшін халықаралық талаптарға сәйкестендірілді. Сонымен қатар, зерттелетін препараттың дерекнамасы сияқты, бұрын рұқсат беруде қолданылмаған құжат, енгізілді. Бұл реттеушіге препараттың өндірісі мен фармацевтикалық дамуы туралы қажетті деректерді ерте көруге мүмкіндік береді. Сондай–ақ, Шынар Байдуллаева құжаттарды қарау мерзімі қысқарғанын атап өтті. Енді  бұл мерзім 35 күнтізбелік күнді құрайды, оның 5 күні құжаттарды валидациялауға кетеді. Осылайша, сараптамалық жұмыстар қорытынды берілгенге дейін күнтізбелік 30 күннен аспайды. Ол ДЗСҰО өтетін барлық клиникалық зерттеулер орталықтың сайтында көрсетілетінін және бірыңғай тізілімге енгізілетінін айтты.