Дәрі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әрбір тараптың белсенділігі маңызды
14.11.2023Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы тұрғындарды дәрілік заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуға шақырады.
Ұлттық орталық 6-12 қараша аралығында #medsafetyweek фармакотерапия қауіпсіздігі апталығына қатысты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұйымдастырған биылғы науқанның ұраны "Кім хабарлай алады?" деп аталады. Бұл бастама дәрі-дәрмектің жағымсыз әсері туралы хабарлайтын, оны қауіпсіз қолдануға ықпал ететін әрбір емделуші, дәрігер, медбике, фармацевтің рөліне назар аудартып отыр. Апталық аясында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге астаналық және аймақтардағы медицина саласының мамандары қатысты.