ДЗСҰО өкілдері Қазақстан терапевттерінің конгресіне қатысты

17.11.2023

Фармакондазор және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын мониторингтеу департаментінің басшысы Мәлік Әбдірахманов пен цифрландыру департаментінің басшысы Тимур Жұмахаев Астанада өтіп жатқан «Дәрілік терапияның сапасы мен қауіпсіздігі: әлемдік трендтер мен стандарттар» атты Қазақстан терапевттерінің конгресіне қатысты. Конгресс алаңында медицина саласындағы шетелдік және қазақстандық мамандар дәрі-дәрмек терапиясының қауіпсіздігі, дәрілік заттарды дұрыс тағайындамау және қолдану, полипрагмазия, антибиотикке төзімділік мәселелері, қазіргі заманғы дәрілік терапияның өзекті бағыттары және т. б. мәселелерді талқылады. Іс-шараның мақсаты - медициналық қоғамдастықтың ғылыми жетістіктерін, клиникалық тәжірибесі мен білімін біріктіру, дәрілік терапияның соңғы ғылыми-клиникалық жетістіктерін және онымен байланысты тәуекелдерді пайдалана отырып, терапевтік қызметтің өзекті практикалық тәжірибесімен бөлісу.

Конгресстің сателиттік симпозиумында «Фармакологиялық қадағалау дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен қолданылуын бақылау құралы ретінде» баяндамасын жасай отырып, Мәлік Әбдірахманов дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымының бірыңғай жүйесіндегі фармакологиялық қадағалаудың рөлі туралы айтты.

«Қазіргі заманғы дәрі-дәрмектер аурулармен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Бірақ сонымен бірге қайғылы салдарға әкелуі мүмкін препараттарға жағымсыз реакциялар туралы ұмытпауымыз керек», - деп атап өтті Мәлік Әбдірахманов. Ол дәрілік заттардың қауіпсіздігіне мүдделі барлық қатысушылардың өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ реттеуші органға болжамды жағымсыз әсер туралы хабарлаудың қазіргі тәсілдері және карта-хабарламаларды толтыру алгоритмін одан әрі жетілдіру жолдары туралы Тимур Жұмахаев айтып берді. Сонымен, медицина қызметкері пациентпен бірлесіп, Ұлттық орталықтың www.ndda.kz  сайтында жағымсыз реакция туралы хабарлама-картаны толтыра алады, ал пациент үшін DariKZ мобильді қосымшасының «сары карталар» функциясы арқылы шағым жіберудің қарапайым және жылдам әдісі ойластырылған. Мобильді қосымша iOS және Android платформаларындағы құрылғылар үшін қол жетімді.