Оқыту семинарларын өткізу туралы
19.10.2023ҚР ДСМ МФ БК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығы 2023 жылғы 27, 30 қазанда онлайн форматта өтетін дәрілік заттарды сараптау Департаментінің басшысы, биология ғылымдарының докторы Шынар Байдуллаеваның оқыту семинарларына қатысуға шақырады.
27 қазан, 15:00-18:00 – «Тіркеу деректері: Өндіріс. Технология трансфері. Модуля 3. 3.2.Р.3-бөліміндегі деректерді ұсыну»
Семинарда келесі сұрақтар талқыланады:
1. Дайын дәрілік нысандардың өндірісі туралы ақпаратты қазіргі заманғы өндіріс технологияларын ескере отырып, ОТД форматында тіркеу деректерінде беру тәртібі;
2. Технологиялық процестерді валидациялау тәсілдері;
3. Өтініш беруші мен уәкілетті орган үшін маңызды болып табылатын өндіріс процесінің барлық аспектілері;
4. Өндіріс процесінің технологиясын беру кезінде деректерді ұсыну ерекшеліктері.
30 қазан, 15:00-18:00 – «Тіркеу деректері: CGMP аясында дәрі-дәрмектерді, сонымен қатар медициналық қолдануға арналған биологиялық препараттарды орау үшін қолданылатын қаптау материалдары»
Семинарда келесі сұрақтар талқыланады:
- Химиялық, биологиялық және гомеопатиялық шыққан белсенді фармацевтикалық субстанцияның (БФС) бастапқы қаптамасына қойылатын жалпы талаптар;
- Химиялық, биологиялық және гомеопатиялық шығу тегі дайын препараттың бастапқы қаптамасына қойылатын жалпы талаптар;
- Бастапқы қаптаманың БФС және дайын препараттың тұрақтылығына әсері.
Мәлімет үшін !
Семинар аяқталғаннан кейін Бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.
1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 24 000, 48 теңге (ҚҚС есебімен)
Оқуға тіркелу үшін төмендегі шарттарды орындау қажет:
- Оқуға өтінішті толтыру және жіберу (өтініш нысаны хатқа қоса берілген)
Өтініш әрбір тыңдаушыға *pdf (қолы қойылған) және *word форматында жеке ресімделеді, ары қарай тіркеу үшін d.altybay@dari.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.
- ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК - мен (бұдан әрі - ДЗСҰО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.
Шарт жасау үшін шарт жобасын заң кеңесшісінің (жоба хатқа қоса берілген) dogovor@dari.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102 каб. мекен-жайына қолма-қол жеткізу қажет. ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.
Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.
"Төлемге өтінім" шартына қосымшасын толтыру міндетті екендігіне Сіздің назарыңызды аударамыз. d.altybay@dari.kz поштасына *pdf (қолы бар) және *word форматында жіберу қажет.
Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі
- Көрсетілетін қызмет үшін шотты төлеп, оқыту семинары басталғанға дейін төлемді растайтын құжатты жолдау.
Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:
Алтыбай Дамира
Алматы қ. АФ Ғылыми-білім беру орталығының маманы