
3/1:20215
2.2.15. БАЛҚУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ - АШЫҚ КАПИЛЛЯРЛЫҚ ӘДІС
Бұл әдіс балқу температурасын анықтау үшін қолданылады (ығысу немесе көтерілу
температурасы немесе сұйылту температурасы деп те аталады).
Екі ұшында ашық, ұзындығы шамамен 80 мм, сыртқы диаметрі 1.4 мм-ден 1.5 мм-ге дейін
және ішкі диаметрі 1.0 мм-ден 1.2 мм-ге дейін шыны капиллярлық түтіктер қолданылады.
5 капиллярлық түтіктің әрқайсысына жеке монографиядағы нұсқауларға сәйкес алдын-ала
өңделген сыналатын үлгіні биіктігі шамамен 10 мм баған қалыптастыру үшін жеткілікті
мөлшерде орналастырады және белгілі бір температурада белгілі бір уақытқа қалдырады.
Басқа нұсқаулар болмаған жағдайда, капиллярлық түтіктерге енгізер алдында балауыз
консистенциясы бар сыналатын үлгілер су моншасында мұқият және толық балқытылады.
Түтіктер 2 °C-ден 8 °C-ге дейінгі температурада 2 сағат бойы сақталады.
Түтіктердің біреуін бөлігінің бағасы 0.5 °С болатын термометрге сыналат үлгі термометр
домалақшасына тікелей қашықтықта тұратындай етіп жалғайды. Капиллярлық түтігі
бекітілген термометрді стақанның түбі мен термометр домалақшасының төменгі бөлігі
арасындағы қашықтық 1 см болатындай етіп стақанға кіріктіреді. Стақан қабаттың
биіктігі 5 см болатындай етіп сумен толтырылады. Судың температурасын 1 °С/ мин
жылдамдықпен көтереді. Балқу температурасы ретінде сыналатын үлгі капиллярлық түтік
бойымен көтеріле бастайтын температураны қабылдайды. Бұл операцияны басқа төрт
капиллярлық түтікпен қайталайды және нәтижені бес көрсеткіштің орташа мәні ретінде
есептейді.