
Сұйықтықтың ең аз ағу уақыты (200 с) бар қолайлы мөлшердегі капиллярлық вискозиметр
таңдалады.
Калибрлеу
Капиллярлық вискозиметрлер белгілі бір уақыт аралығында калибрленеді, бұл аспапты
пайдалану жиілігі мен қолдану ауқымына байланысты сапаны басқару жүйесінде
анықталады.
Аспап вискозиметрдің тұтқырлық ауқымына сәйкес келетін кемінде екі сертификатталған
стандартты үлгілерді қолдана отырып, берілген температурада калибрленеді.
Секундына миллиметр квадратпен көрсетілген вискозиметр (k) тұрақтысы формула
бойынша есептеледі:
k = ƞ / ƿ t
сертификатталған стандартты үлгінің динамикалық тұтқырлығы,
миллипаскаль-секундпен;
сертификатталған стандартты үлгінің тығыздығы, текше миллиметрге
миллиграммен;
сертификатталған стандартты үлгінің жоғарғы белгіден төменгі
белгіге дейін ағу уақыты, секундпен.
Алынған деректердің орташа мәнін есептейді.
Әдістеме
Жеке монографияда басқа нұсқаулар болмаған кезде температурасы 20 °С болатын
сыналатын үлгі вискозиметрге (L) түтік арқылы (А) кеңеюін толтыру үшін құйылады,
бірақ бұл ретте В сұйықтығының деңгейі (В) желдеткіш түтікке (М) шығудан төмен
қалуы тиіс. Вискозиметрді тік күйінде (20.0 ± 0.1) °С температурада су моншасына
батырады, егер жеке монографияда басқа температура көрсетілмесе, температуралық
тепе-теңдікті орнату үшін осы күйде кемінде 30 минут бойы ұстайды. Түтік (М) жабылады
және түтіктегі сұйықтық деңгейі (N) белгіден (E) шамамен 8 мм жоғары болатындай етіп
көтеріледі. Сұйықтықты түтікті (N) жауып, түтікті (М) ашу арқылы деңгейде ұстайды.
Содан кейін түтікті (N) ашады, секундомерді пайдаланып сұйықтық деңгейін белгіден (Е)
белгіге (F) дейін, секундтың бестен бір бөлігіне дейін төмендейтін қажетті уақытты
өлшейді.