
беткейінен 15 мм тӛмен, ал себеттің ең тӛменгі қалпында ыдыстың түбінен 25 мм жоғары
болатындай болуы керек. Себет-штативтің жоғарғы бӛлігі батырылған қалпында болмауы
тиіс. Себетті механикалық құрылғыға біркелкі кӛтеріліп, белгілі бір уақыт аралығында күрт
қозғалыссыз тӛмендейтіндей етіп бекітеді. Себет ұстағыш ӛз ӛсі бойымен тігінен қозғалады;
кӛлденең байқалатын қозғалыс немесе ӛстің тігінен қозғалуы болмауы керек.
Себет-штатив. Себет-штатив әрқайсысының ішкі диаметрі (32.5 – 33.5) мм және қабырға
қалыңдығы (2.0 – 3.0) мм болатын ұзындығы (75.0 – 80.0) мм болатын үш цилиндрлік мӛлдір
түтіктерден тұрады. Түтіктер әрқайсысының диаметрі (95 – 99) мм және қалыңдығы (7.5 –
10.5) мм екі пластинамен тігінен, үш саңылау пластмасса пластинаның ортасынан бірдей
қашықтықта және бір-бірінен бірдей қашықтықта ұсталады. Тӛменгі пластинаның тӛменгі
беткейіне диаметрі (0.60 – 0.66) мм болатын, тот баспайтын болаттан жасалған (2.0 ± 0.2 мм)
саңылаулары бар тор бекітілген. Пластиналар шеңбер бойымен тік металл ӛзектермен бір-
біріне қатты ұсталады. Үстіңгі пластинаның ортасына тағы бір металл ӛзек бекітілген, бұл
себет-штативті кӛтеріп-түсіре алатын механикалық құрылғыға бекітуге мүмкіндік береді.
Себет-штативтің конструкциясы жоғарыда аталған шыны түтіктер мен сым торларға
қойылатын талаптарға сәйкес ӛзгеруі мүмкін. Себет-штативтің ӛлшемдері 2.9.1.-2-суретте
кӛрсетілген ӛлшемдерге сәйкес келеді.
Дискілер. Дискілерді тек кӛзделген немесе рұқсат етілген жағдайларда пайдалануға рұқсат
етіледі. Әрбір түтік қалыңдығы (15.15 – 15.45)мм және диаметрі (31.27 – 31.53) мм
цилиндрлік дискімен жабдықталған, меншікті салмағы 1.18-1.20 болатын қолайлы мӛлдір
пластик материалдан жасалған. Дискіде цилиндрдің ұштары арасында ӛтетін диаметрі (3.05 –
3.25) мм болатын жеті қатарлас орналасқан саңылау бар. Бір саңылау дискінің ортасында
орналасқан, қалғандары цилиндр ӛсіне қатарлас орналасқан және дискінің ортасынан
диаметрі (8.3 – 8.5) мм шеңберде біркелкі орналасқан. Дискінің барлық беткейлері тегіс
болуы керек.
Әдістеме. Сынауды ӛткізу үшін таблеткалардың (немесе капсулалардың) 6 үлгісін алып, оны
бір уақытта екі себетті пайдалана отырып немесе сынауды қайталай отырып, жүргізеді. Үш
түтіктің әрқайсысына бір үлгі және егер тағайындалса, дискті орналастырады. Себетті (37 ±
2) °С температурада жалпы және жеке монографияларда кӛрсетілген батыратын сұйықтығы
бар стақанға іліп қояды. Аспапты қосады, кӛрсетілген уақыт аяқталғанда себетті алады,
таблеткалар мен капсулалардың күйін зерттейді. Егер барлық дозаланған бірліктер ыдыраса,
үлгілер сынаудан ӛтеді. Егер 1 немесе 2 үлгі ыдырамаса, сынауды 12 қосымша үлгіде
қайталанады. Егер 18 үлгінің кем дегенде 16-сы ыдыраса, сынау талаптары орындалды деп
саналады.