
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ 3/1: 20922
2.9.22. ЛИПОФИЛЬДІ НЕГІЗДЕГІ СУППОЗИТОРИЙЛЕРДІҢ ТОЛЫҚ
ДЕФОРМАЦИЯ УАҚЫТЫН АНЫҚТАУ
Сынау суппозиторийлерді суға салған сәттен бастап белгілі бір қолданылатын массаға
қарсылық тоқтатылғанға дейін берілген жағдайларда деформациялану уақытын анықтауға
арналған.
А АСПАБЫ
Аспап (2.9.22.-1-суретті қараңыз) ішкі диаметрі 15.5 мм және ұзындығы шамамен 140 мм
шыны түтіктен тұрады. Түтік диаметрі 5.2 мм болатын алынбалы полимерлі қақпақпен
жабылады. Аспапта диаметрі 5.0 мм, түбіне қарай диаметрі 12 мм-ге дейін кеңейтілген
өзек бар. Ұзындығы 2 мм және диаметрі 1 мм болатын металл ине жалпақ астыңғы
жағына бекітіледі.
Өзек екі бөліктен тұрады: полимерлі материалдан жасалған төменгі бөлік және белгілі бір
массасы бар дискі бекітілген полимерлі материалдан немесе металдан жасалған жоғарғы
бөлік. Жоғарғы және төменгі бөліктер бір-бірімен қосылған (қол нұсқасы) немесе
ажыратылған (автоматтандырылған нұсқасы). Өзектің барлық массасы 30 ± 0.4 г құрайды.
Өзектің жоғарғы жағында жылжымалы таңбалау сақинасы бар. Шыны түтікке енгізілген
таяқша түбіне жеткенде, таңбалау сақинасы полимер қақпақтың жоғарғы жиегінің
деңгейіне сәйкес келеді.
Әдістеме. Ішінде 10 мл су бар шыны түтік температурасы (36.5 ± 0.5) °C болатын су
моншасына орналастырады. Шыны түтікті тігінен бекітеді және су моншасының түбіне
тиіп тұрмайтындай етіп, оны беткейінен кемінде 7 см тереңдікке батырады.
Суппозиторийді үшкір ұшын төмен қаратып түтікке орналастырады, содан кейін металл
ине суппозиторийдің жалпақ ұшына тимегенше, еркін сырғитын полимер қақпағы бар
өзекті енгізеді. Түтікті қақпақпен жабады (уақыт есебін бастау). Шыны түтіктің түбіне
жету үшін қажетті уақытты және таңбалау сақинасын полимер қақпағының жоғарғы
жиегіне дейін көтеру уақытын белгілейді.