NDDA — Ғылыми-білім беру орталығы туралы
Жеке кабинет

Ғылыми-білім беру орталығы туралы

Ғылыми-білім беру орталығы 2020 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК аумақтық филиалының базасында ашылды.

Миссиясы: дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы оқыту бағдарламаларын іске асыру арқылы сапалы, қауіпсіз және тиімді ДЗ мен МБ-ды нарыққа шығаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан халқының денсаулығын жақсартуға ықпал ету.

Пайымдауы: дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы бейресми оқытудың сапасы бойынша Қазақстан Республикасындағы, ЕАЭО мен Азия елдеріндегі көшбасшы ғылыми-білім беру орталығы.

Стратегиялық мақсаттар:

  1. Сапалы, тиімді және қауіпсіз дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын қолдау үшін нәтижелі оқыту қызметтерін ұсыну жолымен білікті мамандардың санын ұлғайту;
  2. Қазақстан Республикасында, ЕАЭО және Азия елдерінде денсаулық сақтау және фармация мамандарын бейресми оқыту саласындағы көшбасшылық;
  3. Жетекші шетелдік стратегиялық серіктестермен тәжірибе алмасуды серпінді дамыту

Қызмет принциптері:

Қоғамдық денсаулық: біздің қызметіміздің нәтижелері халықтың денсаулығын қорғауға және нығайтуға бағытталған.

Кәсіпқойлық: Денсаулық сақтау жүйесінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми-қолданбалы зерттеулерді тиімді оқыту, ұйымдастыру және жүргізу білігі.

Жауапкершілік: оқыту сапасын қолдау жүйесін қолдау және жақсарту.

Транспаренттілік: дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы уақтылы және маңызды ақпаратты ұсыну.

Тыңдаушыларға үндеу

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының ғылыми-білім беру орталығының сайтына қош келдіңіздер!

Қазіргі уақытта кадрларды даярлау фармакологиялық қадағалау, клиникалық сынақтар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау, жарнама және денсаулық сақтаудың басқа да салаларында бейресми білім беру бағдарламалары бойынша жүргізілуде.

Біздің оқытушыларымыз, ҚР және ЕАЭО заңнамасы, халықаралық құжаттар мен стандарттар, жаңа ғылыми жетістіктер және ең алдымен жинақталған практикалық тәжірибе мен білім базасы негізінде оқытуды жүргізетін жоғары білікті мамандарымыз.

Сайтта сіз Ғылыми-білім беру орталығының қызметі туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз, сондай-ақ сізді қызықтыратын сұрақтарды қойып, кері байланыс сауалнамасында өз тілектеріңізді қалдыра аласыз.

Біздің орталықтың әрбір тыңдаушысына сәттілік пен табыс тілейміз. Естеріңізде болсын, біздің басты міндетіміз – Ұлт денсаулығы, сапалы, тиімді және қауіпсіз дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар.

Семинарға тіркелу

Cеминарды таңдау

Шарт жасау

Өтінімді жіберу

Төлем орындау

Семинарға келу