Сұрақ-Жауап

Сұрақ-жауап

Сұрақ: Қызмет алу үшін қандай құжаттар қажет?

Жауап: Зерттеу бойынша қызмет алу үшін тұтынушы:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі МФ БК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Бас директоры-басқарма төрағасының атына қажетті зерттеу түрін көрсете отырып хат жолдау керек.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі МФ БК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-мен қызмет көрсетуге шарт жасасу керек (заң кеңесшісі dogovor@dari.kz).

3. Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулерін, сондай-ақ дәрілік заттардың биоэквиваленттігін сынаудың биоаналитикалық бөлігін жүргізу үшін Прайс-парақшаға сәйкес шот-фактура төлеу керек.

3. Сынақ үлгілерін төлемді растайтын құжатпен бірге Алматы қаласындағы АФ (Алматы қ., Байтұрсынов к-сі, 40А) фармакологиялық сынақтар зертханасына беру керек. Өтініш беруші талданатын үлгілерді қажетті мөлшерде сынақ зертханасына жеткізуді өз бетінше қамтамасыз етеді.