ДЗСҰО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы семинар өтті

29.09.2020

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы новелла» тақырыбында онлайн семинар өтті.

Семинарды Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева өткізді.

Семинар барысында спикер сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған негізгі жаңалықтарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру тетіктері, мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау туралы айтты.

Спикер, сондай-ақ, 2019 жылғы 26 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілгенін атап өтті, құжатта қарамағындағы қызметкерлер  сыбайлас жемқорлыққа жол бергені  үшін бірінші басшының жауапкершілігін күшейтуге басымдық берілген.

Жазира Жылқышиева Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауындағы  маңызды бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тоқталды.

Сыбайлас жемқорлық факторларын анықтау үшін мемлекеттік органдарда, сондай-ақ квазимемлекеттік секторда нормативтік актілер мен жұмыс процестеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау жүргізілетін болады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жаңа тәсілдерді енгізуге, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату шараларын тоқтатуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда өмір бойы жұмыс істеуге тыйым салатын қағидатты сақтауға шақырды.

Спикер сондай-ақ, жаңа бастамалар мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты.

«Сыбайлас жемқорлық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласында ерекше қауіп тудыратынын атап өткім келеді. Ұлт денсаулығы Орталықтың қызметіне тікелей байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек құқық қорғау жүйесі үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін де міндет, - деп түйіндеді Ж. Жылқышиева.

Орталық қызметкерлеріне 1424 сall-орталығының бірыңғай нөмірі жұмыс істеп тұрғанын  еске салды, кез келген  адам өз ақпаратын сеніп тапсыруға болады немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша консультация ала алады.

Семинар соңында қатысушыларға спикерге сұрақ қоюға мүмкіндік берілді.

Орталық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинарды тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр.