«Кітапхана» ақпараттық жүйесін әзірлеу туралы

27.01.2022

Институционалдық аккредиттеуге дайындық шеңберінде Ғылыми-білім беру орталығы «Кітапхана» ақпараттық жүйесін әзірлеп, қолданысқа енгізді.

Кітапхана - бұл Қазақстан Республикасының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық жүйесі. Жүйеге халықаралық нормативтік-құқықтық актілер, ЕАЭО, ICH, IMDRF, GxP, WHO, PIC/S, FDA ұсынымдары, стандарттары кіреді. Жүйеге кіру тегін және ғылыми-білім беру орталығының бөлімінде, «Кітапхана» қосымша бетінде ұсынылады (https://www.ndda.kz/category/Zakonodatelstvo_v_farmacii)

Жүйенің миссиясы Кітапхана ресурстарына жедел қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды жасау жолымен білім беру процесін қолдау және ҒБО тыңдаушыларының, кәсіпорын қызметкерлерінің және Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО елдерінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мамандарының нормативтік-құқықтық актілерін білуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Кітапхана апта сайын жаңартылып, қазіргі уақытта 622 құжатқа қол жетімді.