Оқыту семинарларын өткізу туралы

09.02.2022

Құрметті өтініш берушілер!

 

ЕЭК Кеңесінің 24.12.2021 № 144 шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 шешімімен бекітілген медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 180 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Осыған байланысты, Ғылыми-білім беру орталығы бұрын жоспарланған семинарлардың өткізілетіні туралы хабарлайды (https://www.ndda.kz//rightnews/o-perenose-dat-provedeniya-seminarov_1642674178, 25-26 қаңтар және 1-2 ақпан) және Сіздерді       Б.Ж. Абдиманова мен Д. Е. Есболатованың келесі оқыту семинарларына қатысуға шақырады.:

 

Семинар тақырыбының атауы

Оқытушының Т.А.Ж.

Өткізу күні

Сағат саны

1

"ЕАЭО-дағы медициналық бұйымдардың ортақ нарығының құқықтық негізі. ЕАЭО-да тіркеу және сараптама мәселелері"

Абдиманова Б.Ж.

Алматы қаласындағы ТФ директоры, ЕЭК жұмыс тобының мүшесі, ЕАЭО бойынша Консультативтік комитеттің мүшесі

23 ақпан

3 сағат

2

"Медициналық бұйымдарды жіктеу. Медициналық бұйымдарға жатқызу критерийлері"

Абдиманова Б.Ж.

Алматы қаласындағы ТФ директоры, ЕЭК жұмыс тобының мүшесі, ЕАЭО бойынша Консультативтік комитеттің мүшесі

24 ақпан

3 сағат

3

"Практикалық семинар: ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымға сараптама жүргізу туралы өтінішті ресімдеу қағидаларын зерделеу"

Есболатова Д.Е.

Ғылыми-білім беру орталығының оқытушысы, одақ номенклатурасын жүргізу бойынша ЕЭК жұмыс тобының мүшесі

25 ақпан

3 сағат

 

28 ақпан

3 сағат

 

Жоғарыда көрсетілген семинарларда медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптау қағидаларына енгізілетін өзгерістер - ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 144 шешімі жария етілетін болады.

Семинарларға қатысу үшін фармацевтика саласының өкілдері, медициналық бұйымдарды өндірушілер, медициналық бұйымдарды тіркеу және сараптау қағидаларына мүдделі өтініш берушілер шақырылады.

 

Мәлімет үшін !

Оқуға тіркелу үшін қажет:

  1. ҚР ДСМ МФ БК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК - мен (бұдан әрі - ДЗҰСО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.

Шарт жасау үшін шарт жобасын заң кеңесшісіне (жоба хатқа қоса берілген) электрондық мекенжайға жіберу қажет a.buzurkhodzhaeva@dari.kz. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102 каб. мекен-жайына қолма-қол жеткізу қажет.

Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.

ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.

  1. Оқуға өтінімді толтыру және жіберу (өтінім нысаны хатқа қоса берілген)

Өтінім әрбір тыңдаушыға жеке ресімделеді: *pdf (қолы қойылған) және *word форматында, бұдан әрі электрондық мекенжайға жіберіледі k.nussupova@dari.kz, d.esbolatova@dari.kz тіркеу үшін.

Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі (1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 19 999, 84 теңге (ҚҚС есебімен).

  1. Қызмет үшін шотты төлеуді жүзеге асыру және жауапты хабарламада оқуға дейінгі төлемді растайтын құжатты жолдау.

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін:

+7 (727) 273-11-45, +7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz

+7 (727) 273-15-78, +7 (701) 401-04-94, d.esbolatova@dari.kz