ҚР ДСМ «ДЗ, ММБ және МТСҰО» ШЖҚ РМК Фармакологиялық орталығының ДЗ ЖӘ мониторингілеу тобы туралы

01.01.1970

ДЗ ЖӘ монитрингілеу тобы ҚР ДСМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау Ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Фармакологиялық орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

ДЗ ЖӘ мониторингілеу тобының мақсаты – дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері туралы келіп түскен хабарламалардың жиынтығы, талдауы, өңделуі (жүйелендірілуі) мен ғылыми бағасы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне ай сайын ақпарат беріп отыру.

ДЗ ЖӘ мониторингілеу Тобының міндеттері:

  1. Карта-хабарламада ұсынылған ақпарат сапасын бағалау;
  2. Карта-хабарламаларды кодтау және Фармакологиялық орталықтың ДЗ ЖӘ электронды базасына енгізу;
  3. Қайталанатын карта-хабарламаларды анықтау;
  4. Кез келген жағымсыз әсердің, күрделі жағымсыз әсердің клиникалық пайда болулары мен күдікті дәрілік затты қолдану арқылы тиімділіктің болмауы арасындағы себеп-салдарлы байланысты бағалау;
  5. «Пайда – қауіп» арақатынасын бағалау;
  6. Жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасы органдарынан алынған жағымсыз әсерлер, күрделі жағымсыз әсерлер және дәрілік заттардың тиімділігінің жоқтығы жағдайлары туралы статистикалық есеп талдауы және өкілетті органға ұсынылуы;
  7. Жағымсыз әсерлер, күрделі жағымсыз әсерлер және дәрілік заттардың тиімділігі жоқтығының барлық тіркелген  жағдайлары туралы ақпарат ұсыну:
    • өкілетті органға;
    • тіркеу куәлігінің иесіне (оның құзырлы өкіліне);
    • халықаралық  деректер базасына енгізу үшін Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін мониторингілеу орталығына.
  8. ДЗ ЖӘ фармакологиялық бақылау мен мониторингілеуге қатысты медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер, өндірушілер арасында семинар-тренингтер өткізу.