Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттардың шекті бағаларды бекітілді

04.01.2023

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-159 бұйрығымен «Дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 тамыздағы №ҚР ДСМ-94 бұйрығына өзгеріс енгізілді.

Шекті бағалар ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚРДСМ-247/2020 бұйрығымен бекітілген дәрілік заттардың шекті бағаларын және үстеме бағасын реттеу, қалыптастыру қағидаларына сәйкес 6 715 мың дәрілік препарат үшін қалыптастырылды.

Айта кетейік, бағаны мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасында тіркелген және айналыстағы көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған, бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесіне енгізілген дәрілік заттарға жүзеге асырылады. Бұл тізбе ҚР ДСМ 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-150 бұйрығымен бекітілген.

Бұйрық 2022 жылғы 30 желтоқсанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: http://zan.gov.kz/client/#!/doc/176313/kaz

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің бағасын Darikz мобильді қосымшасының көмегімен дербес бақылай алады, ал бағада сәйкессіздіктер анықталған жағдайда арнайы нысанды толтыра отырып, шағым қалдыра алады.