DariKz дәрі іздеу мобильді қосымшасы Appstore-да қайта қолжетімді

05.10.2020

Қазақстанда тіркелген барлық дәрі-дәрмек жинақталған DariKz мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы iOS платформасында штаттық режимде жұмыс істейді.

Қосымша пайдалануға  ыңғайлы, әлдеқайда жылдам жұмыс істейді және AppStore-дың барлық талаптарына сәйкес келеді.

DariKz мобильді қосымшасын пайдалана отырып, елімізде тіркелген дәрілер туралы ақпарат алуға болады. Қосымшада дәрілік препараттың дозасы, концентрациясы, сақтау мерзімі және ерекше белгілері, дәрі түпнұсқа немесе дженерик па, дәрігердің рецепті бойынша беріле ме, әлде рецептсіз бе, міне осылар туралы ақпарат бар. Сондай-ақ, «Шекті баға» бөлімінде дәрі-дәрмектің бағасын бақылауға болады. Егер дәрі-дәрмектің бағасы Қазақстанда бекітілген шекті бағадан асып кетсе, қосымшада шағым қалдыра аласыз. Бүгінгі күні қосымшадағы дәрілік заттардың деректер базасына 18 мыңға жуық препарат енгізілді, оның ішінде 6 500 дәріге шекті баға белгіленді.

Қосымшадан іздеген дәріңізді препараттың саудалық немесе халықаралық патенттелмеген атауы, тіркеу нөмірі арқылы табуға болады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін дәрі-дәрмек туралы барлық ақпарат мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.

Айта кету керек, Android платформасында DariKz қосымшасын 123 мың қолданушы жүктеп алып, сәтті қолдануда.

DariKz қоысмшасының 1.5.3 нөмірлі жаңа нұсқасы iOS платформасында жұмыс істейтін смартфондарға жүктеу үшін қолжетімді. Қосымшаны мына сілтеме https://apps.apple.com/kz/app/darikz/id1518808783 бойынша немесе QR код арқылы жүктей аласыз.