Darikz: мобильді қосымшасының көмегімен қажетті дәрі-дәрмекті қалай табуға болады

28.08.2020

 

Дәрі-дәрмек іздеуге арналған отандық Darikz мобильді қосымшасын қазір   қазақстандықтар  кеңінен  қолданып жүр. Бүгінгі таңда 108 мыңнан астам адам қосымшаны смартфонға жүктеп алып, сәтті пайдалануда.

Қосымшада Қазақстанда тіркелген  түрлі формадағы және дозадағы барлық дәрі-дәрмек бар  және олардың әрқайсысы бойынша толық ақпарат енгізілген.

Darikz дәрі-дәрмек бағасын бақылау үшін таптырмас көмекші. Егер дәрі-дәрмектің құны қымбат болса, қосымшаны қолдана отырып, шағым қалдыра аласыз.

18 мыңға жуық препарат қосымшаның деректер базасына енгізілді, оның ішінде 6 500 дәріге шекті баға белгіленді.

Сондай-ақ, мұнда нұсқаулықпен, сақтау мерзімімен және дәрі-дәрмектің ерекше белгілерімен таныса аласыз, оның түпнұсқа немесе дженерик екенін, рецептпен немесе рецептсіз берілетінін және тағы басқа да мәліметтерді табасыз.

Сіздерге ыңғайлы болу үшін барлық ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған.

Darikz қосымшасын жүктеп алып, дәрі-дәрмек әлеміндегі соңғы жаңалықтардан хабардар болыңыз!