Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы цифрландыру қызметкерлерін құттықтайды

10.11.2022

Қазақстанда алғаш рет 10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтеді. Жалпы саны 155 мың адамнан асатын сала қызметкерлерін қолдау мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жаңа кәсіби мерекенің пайда болуына бастамашы болды.

Тұтынушылардың мүдделеріне сүйене отырып, Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы тұрақты негізде жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізеді. ДЗСҰО цифрландыру департаментінің 16 IT-мамандары, олардың арасында көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар денсаулық сақтау саласын цифрландырудың «ардагерлері» қолданыстағы сервистерді жетілдіреді, жаңа технологияларды әзірлеп, енгізеді.

«Біздің команда Ұлттық орталық сарапшыларының өтініш берушілермен жұмысын қарапайым, сапалы және тиімді етуге көмектесетін цифрландыру және жаңа технологияларды енгізумен айналысады. Бүгінгі күні Ұлттық орталықтың негізгі қызметіне байланысты процестер дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сараптауға өтінім беруден бастап қорытынды берілгенге дейін автоматтандырылған, оның ішінде карта-хабарламаны толтыру және жіберу, сапа қауіпсіздігін бағалау, референттік баға белгілеу, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты және басқа материалдарды аудару бойынша қызметтер», - деп ДЗСҰО цифрландыру департаментінің басшысы Тимур Жұмахаев атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, цифрландыру департаменті қызметкерлерінің күшімен қыркүйек айында ДЗСҰО тиімді коммуникация және кері байланыс құралын құру үшін Сall-орталық іске қосылды, бұған дейін мұқият дайындық жүргізілді. Жұмыстың алғашқы апталары негізінде Сall-орталықтың жұмысы оңтайландырылды.

Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай, сондай-ақ жемісті қызметі, жоғары кәсібилігі, цифрлық денсаулық сақтауды дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев цифрландыру департаментінің басшысы Тимур Жұмахаевқа, ақпараттық технологияларды сүйемелдеу және техникалық қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіруші Рашид Исмаиловқа, ақпараттық технологияларды талдау және әзірлеу жөніндегі үйлестіруші Дәурен Исаевқа мақтау қағаздарын табыстады.

НЦЭЛС пен МИ әріптестерін құттықтайды және осындай маңызды іске сәттілік тілейді!