Дәрілік заттардың құрамындағы қолдануға тыйым салынған бояуыштар мен қосалқы заттардың тізбесі бекітілді

02.12.2020

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен дәрілік заттар құрамында елімізде қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосалқы заттардың тізбесі бекітілді.

Атап айтқанда, тізімге цитрус қызыл 2, амарант, қоңыр FK сияқты бояғыштар кіреді.

Бұдан басқа, бұйрықпен балаларға арналған дәрілік заттардың құрамына қолдануға арналған бояғыштарға тыйым салынады.

Бұған тартразин, сары хинолин, сары 2 G, сары «күннің батуы» FCF, қызғылт сары S, кошинель, кармин қышқылы, карминдер, эритрозин, азорубин, кармоизин, қызыл 2G және т. б. кіреді.

Сондай-ақ, бұйрық ҚР Мемлекеттік фармакопеясына, ҚР қолданыстағы деп танылған фармакопеяларға және Еуразиялық экономикалық одақтың дәрілік заттарды өндіруге және дайындауға арналған қосалқы заттар жөніндегі нормативтік құқықтық актілеріне енгізілмеген қосымша заттарды қолдануға тыйым салуды көздейді.

Құжатпен келесі сілтеме бойынша толық танысуға болады: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021647.