ДДСҰ COVID-19-ға қарсы COMIRNATY вакцинасын сақтау, тасымалдау және қолдану бойынша оқыту курсын жариялады

19.03.2024

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Pfizer BioNTech компаниясы шығарған COVID-19-ға қарсы COMIRNATY® (Tozinameran) мРНҚ-вакцинасын сақтау, тасымалдау және қолдану бойынша оқыту курсын жариялады. Курста Pfizer-Biontech COVID-19-ға қарсы вакцинасының әртүрлі препараттарының сипаттамалары, сондай-ақ сақтау, тасымалдау және пайдалану кезінде вакцинаны тиімді қолдану процедуралары туралы ақпарат бар. Сонымен қатар, ол ультра суық тізбекті жүйені құруға арналған нұсқаулықты қамтиды. ДДСҰ курспен танысу кезінде қатысушылардың оқу қажеттіліктері мен профиліне байланысты қолайлы модульдерді таңдауды ұсынады.

Модульдер вакцинаны сақтау талаптары мен сақтау мерзімдері, өндіруші вакциналарды жеткізетін көліктік термиялық контейнерлерімен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар, суық тізбекті жабдықты таңдау және вакциналарды орналастыру бойынша ұсынылған стратегиялар, COVAX механизмінің дайындығын қамтамасыз ету процесі және т.б.тақырыптарды қамтиды.

Курс 2024 жылдың ақпанында жаңартылды, алғаш рет 2021 жылдың тамызында жарияланды. Материалдармен мына сілтеме бойынша танысуға болады:

https://www.who.int/ru/publications/m/item/training-on-handling--storing-and-transporting-pfizer-biontech-covid-19-mrna-vaccine-comirnaty--(tozinameran)