ДЗ мен МБ СҰО өкілдері қазақстандық фармацевтикалық ұйымдардың іскерлік миссиясы құрамында Брюссельге барды

14.03.2024

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының өкілдері қазақстандық фармацевтикалық ұйымдардың іскерлік миссиясы құрамында СК-Фармация және Qazbiopharm-мен бірге Еуропалық Одақтың астанасына барды. Сапар 11-13 наурыз аралығында өтті.

Сапар Бельгия Корольдігінің дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар жөніндегі Федералды агенттігімен, Sciensano Қоғамдық денсаулық сақтау институтымен, фармацевтикалық компаниялармен және медициналық жабдықтар өндірушілерімен, соның GSK Belgium, Materialise, Terumo Europe NV, Ion Beam Applications (IBA), Univercells, Unizima, Quantoom және басқа комапаниялармен конструктивті диалог құруға мүмкіндік берді. Қазақстандық делегация бельгиялық фармацевтикалық ұйымдардың зертханалары мен өндірістік алаңдарының қызметімен танысты. Тараптар Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық жабдықтар өндірісін оқшаулау мүмкіндігін нақты қарау туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.

Сапар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен өндірісін бақылаудың негізгі аспектілерінде еуропалық әріптестермен халықаралық ынтымақтастық пен білім алмасуды нығайтудың маңызды буыны болды.