ДЗ мен МБСҰО Ғылыми-білім беру орталығында медициналық бұйымдарға шекті бағаларды қалыптастыру тақырыбында семинар өтті

13.02.2024

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» Ғылыми-білім беру орталығында медициналық бұйымдарға шекті бағаларды қалыптастыру тақырыбында оқыту семинары өтті. Фармацевтика саласы өкілдеріне арналған оқыту іс-шарасын ДЗ мен МБСҰО бас директорының орынбасары Ержан Жүнісов өткізді.

Спикер медициналық бұйымдарға бағаны реттеудің негізгі мәселелерін түсіндірді, қолданыстағы баға белгілеу жүйесі, медициналық бұйымдарға шекті бағаны қалыптастыру тетігі және баға белгілеу процесінің басқа да көптеген мәселелері туралы айтты. Сонымен қатар, дәріскер процестің нормативтік-құқықтық базасының ережелеріне, соның ішінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға арналған ережелердегі соңғы негізгі өзгерістерге тоқталды, сондай-ақ медициналық бұйымдардың бағасын реттеуді жетілдіру жөніндегі алдағы жоспарларымен бөлісті.

Ержан Жүнісов баға қалыптастыру процесін цифрландыру арқылы өтініш берушілер үшін қызмет алудың артықшылықтарын еске салды. Осылайша, өтініш берушілерден өтінімдерді қабылдау электрондық цифрлық қолтаңбаға қол қою мүмкіндігімен онлайн жүргізіледі. Жүйе өтінімді жіберудің, жеткізудің және тіркеудің, хабарламалар мен қорытындыларды алудың жеделдігін қамтамасыз етеді, бұл әсіресе шалғай аймақтарға қатысты, сондай-ақ қағаз құжат айналымын төмендету есебінен қосымша үнемдеуді қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, өтінімнің статусына, жеткізу жағдайын ескере отырып, бағаны автоматты түрде есептеу арқылы қорытынды соманың және медициналық бұйым мен медициналық техниканың жиынтықтаушы бөлшектерінің тауарлық атауының дұрыстығына бақылау жүреді – деректер тікелей мемлекетік реестрден жүктеледі.

Семинардың екінші бөлімінде спикер офлайн және онлайн қатысқан фармацевтика саласы өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Семинар соңында барлық қатысушыларға бейресми білім алу туралы куәлік табысталды.