ДЗСҰО Алматы филиалында бірыңғай телефон нөмірі іске қосылды

05.12.2022

Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының Алматы қаласындағы аймақтық филиалында 3310-810 бірыңғай телефон нөмірі іске қосылды. Қазақстанның басқа қалаларынан және мобильді операторлардан қоңырау соғу үшін біріңғай нөмірді Алматы қаласының кодымен қоса теру қажет: +7 (727) 3310-810.

Алматыдағы Өтініш берушілерге қызмет көрсету орталығы, бухгалтерлік есеп басқармасының қызметкері, заңгер, Ғылыми-білім беру орталығымен тікелей қосылу үшін Ұлттық орталықтың ресми сайтында www.ndda.kz  «Байланыстар» бөлімінде көрсетілегн қосымша ішкі нөмірлерді пайдалану қажет.

Қызмет көрсету сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында Ұлттық орталық қызметкерлерімен телефон арқылы сөйлесу жазылатынын еске саламыз. Әңгімені жалғастыру абонент үшін дербес деректерді өңдеуге келісім беруді білдіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық орталықтың Астана қаласындағы бас кеңсесінде 235-135 сall-орталығы жұмыс істейді. Сall-орталыққа ұялы байланыс операторларынан және басқа өңірлерден қоңырау соғу үшін Астана қаласының коды бар бірыңғай нөмірді теру қажет: +7 (7172) 235-135.

Сондай-ақ, Ұлттық орталықта сыбайлас жемқорлық, этикаға жат мінез-құлық, қызметкерлер тарапынан заңсыз әрекеттер фактілері, ДЗСҰО қызметкерлерінің іс-әрекеттеріндегі мүдделер қақтығысы туралы хабарлау үшін 235-131 «сенім телефоны» бар екенін еске саламыз.

Бірыңғай телефон нөмірлерінің жұмыс кестесі - дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

ДЗСҰО қызмет алушылар үшін қолайлы жағдай жасауға, ашық және жедел байланыс жүйесін енгізу арқылы Орталыққа жүгінген азаматтардың сұранысын қанағаттандыруға ықпал ететін тиімді коммуникацияға мүдделі.