ДЗСҰО басшылары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласы бойынша білімдерін жетілдірді

13.12.2019

     2019 жылғы 13 желтоқсанда ДЗСҰО басшылары «Қауіпсіз еңбек жағдайлары» бағдарламасы бойынша дәріс тыңдады.

     Іс-шара шеңберінде оқу орталығынан арнайы маман шақырылып, ол  басшыларды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы еңбек заңнамасының нормалары, алғашқы медициналық көмек көрсету, Кәсіпорында орын алған жазатайым оқиғаны тексеру туралы айтып берді.

     Халықаралық еңбек ұйымының бағалауы бойынша жыл сайын 2,3 млн-ға жуық азамат жұмыс орнында жазатайым оқиғалар салдарынан немесе кәсібіне байланысты ауруға ұшырауына орай күн сайын 6 000-ға жуық адам көз жұмады. Осылайша, бүкіл әлемде жыл сайын өндірісте 340 млн жазатайым оқиға және 160 млн кәсіби аурулардың құрбаны тіркеледі.

     Өкінішке орай, Қазақстан өндірісте жазатайым оқиғалардың пайда болуының жалпы әлемдік заңдылықтарын және олардың халық денсаулығы мен ел экономикасына әсерін жоққа шығармайды.

     Бүгінгі таңда экономиканы реформалау жағдайында республика ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйі мен жұмыс орындарында қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары алаңдаушылық туғызады.

     - Осындай іс-шаралар барысында басшылар кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы өзекті ақпаратпен танысып, нәтижесінде шұғыл жағдайда барлық эвакуация процесін дұрыс ұйымдастырып, алғашқы медициналық көмек көрсете алады, - деп атап өтті ДЗСҰО әкімшілік департаментінің маманы Гүлнар Орақбаева.

     Жалпы іс-шара нәтижелі өтті және қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Басшылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, көптеген пайдалы ақпарат алды.

Баспасөз қызметі