ДЗСҰО-да қырғызстандық және өзбекстандық әріптестердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

09.12.2019

   Кездесу 9 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Зертханалық сынақ орталығының ресми ашылу салтанатынан  соң Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының бас кеңсесінде өтті.

   Өзбекстандық  делегацияны  Өзбекстанның фармацевтикалық саласын дамыту жөніндегі агенттігі директорының бірінші орынбасары Нозим Бердиев басқарды. Қырғызстаннан келген сарапшыларды Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету  және медициналық техника департаменті Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау басқармасының бастығы Чинара Мәмбеталиева және ДҚ және МТД Орталық бақылау-талдау зертханасының меңгерушісі Тілеген Санзызбаев таныстырды.

         Делегаттар жұмыс сапарын бірінші кезекте, Өтініш берушілерге қызмет көрсету орталығымен  (ӨҚКО) танысудан бастады.  ДЗСҰО бас директоры Арнұр Нұртаев атап өткендей, ӨҚКО-да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын сараптау, бағалау жүргізуге құжаттар мен материалдарды автоматты түрде беру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Қонақтар сондай-ақ, өндірістік блок қызметкерлерінің кеңселерінде болып, қазақстандық әріптестердің жұмыс жағдайымен танысты.

   Шетелдік қонақтардың қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтылды. Қазақстандық сарапшылар ұлттық орталықтың негізгі қызметі туралы айтып берді, сондай-ақ референттік баға белгілеу, зертханалық сынақтар өткізу, ЕАЭО шеңберінде дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу рәсімі және т.б. туралы сұрақтарға жауап берді.

   Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген мамандар өткізілген кездесу үшін ДЗСҰО басшылығына алғысын білдіріп, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізудегі қазақстандық әріптестердің тәжірибесін қолдануға ниетті екендерін білдірді. Кездесу соңында тараптар одан әрі жемісті ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады.

   Естеріңізге сала кетейік, 21 қарашада Ташкентте Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы Өзбекстанның Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау және стандарттау мемлекеттік орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптауды жүзеге асыру, ғылыми зерттеулер жүргізу және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымын реттеу саласында тәжірибе алмасу мәселелеріндегі өзара іс-қимыл туралы уағдаласқан болатын.

   Дәл осы мазмұндағы меморандум Қырғызстан Республикасымен де жасалады деп жоспарлануда.