ДЗСҰО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті

29.04.2021

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының қызметкерлері үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңалықтар және парасаттылық идеологиясын қалыптастыру туралы" тақырыбында онлайн режимінде семинар өткізілді.
Спикер ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Данияр Раимбаев сөз сөйледі.
Өз сөзінде ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жаңа заманауи тәсілдер 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында қарастырылғанын атап өтті.
Данияр Райымбаев қабылданған заңнамалық шараларға сәйкес қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін саяси мемлекеттік қызметшілер отставкаға жататынын, ал сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін бірінші басшылар жауапты болатынын түсіндірді.
Сондай-ақ, спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық негіздерін жетілдіру аясында сыйлықтарға толық тыйым салынғанын атап өтті.
«Бұрын заңнамада мемлекеттік қызметшілерге қандай да бір жағдайларда сыйлықтар қабылдауға мүмкіндік беретін нормалар болған. Қазіргі уақытта бұл нормалар алынып тасталды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге рұқсат етілген сыйлық құнының шегі алынып тасталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтын барлық тұлғаларға және олардың отбасы мүшелеріне кез келген материалдық сыйақыны немесе қызметті қабылдауға тыйым салынады", - деді Данияр Райымбаев.
Сонымен қатар, спикер квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді құрудың маңыздылығына назар аударды. Данияр Райымбаевтың айтуынша, бұл шара тиісті ұйым мен оның қызметкерлерінің ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын және корпоративтік адалдық стандарттарын сақтауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Дәріс соңында қатысушылар спикерден сұрақтарына жауап алды.
Семинар соңында ДЗСҰО-ның бас директоры Еркін Дәутбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Ұлттық Орталық Агенттікпен бірлесіп тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинарлар өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, мүдделер қақтығысы туындаған және сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Ұлттық орталықта ақпаратты электрондық мекенжайға жіберуге болады anticor@dari.kz.